92-ге келген Зимбабве президенті 2018 жылғы сайлауда да бақ сынайды

1
1076

image17066634_502beb4a1c37d193dce7fb65de402a29

Зимбабве мемлекетінің басшысы Роберт Мугабе 2018 жылы болатын президенттік сайлауда тағы да бағын сынап көруге бел буып отыр. Токиода арнайы іс-сапармен жүрген 92 жастағы президент журналистерге сұхбат беріп, өзінің әлі де боса тың екенін айтты.

«Жақтастарым менің кандидатурамды ұсынып отыр. Өзім әлі тыңмын, Егер халық қаласа елді одан әрі қарай да басқара беремін», — дейді қарт президент.

Бұған дейін Батыс басылымдары Мугабені елдегі оппозицияны басып-жаншыған диктатор деп айыптаған болатын. Президенттің өзі болса мұның жала екенін айтып, Зимбабве халқын арандату үшін жасалып жатқан әрекет деп бағалады.

Айта кетейік, 2014 жылы Зимбабве басшысының әйелі Грейс Мугабе күйеуіне мүгедектер арбасын сатып әперетінін айтқан болатын. Ол Роберт Мугабенің мемлекетті өмірінің соңына дейін басқара алатынын да мәлімдеді.

Ал, 2015 жылдың ақпанында Мугабенің өзі әуежайда сөз сөйлеп тұрып, баспалдақтан құлап кеткен еді. Салдарынан күзет қызметінің 30 маманы жұмыстан қуылды.

Роберт Мугабе әлемдегі ең кәрі мемлекет басшысы. 2013 жылы ол елде өткен президенттік сайлауда жеңіске жеткен болатын. Ол басшылық ететін ЗАНУ-ПФ партиясы бүгінде 2018 жыл өтетін келесі президенттік сайлауға даындалып жатыр. Мугабе тірі болса тағы да оның кандидатурасы ұсынылатын болады дейді партия өкілдері.

«Skifnews.kz» 

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз