Бұрын ұрланып кеткен тағы да із-түссіз жоғалды

1
258

Сауд Арабиясы королінің туысқаны, ханзада Султан бин Турки хабар-ошарсыз жоғалып кетті. Бұл жайында The Guardian ақпарат орталығы хабарлайды деп жазады muslim.kz.

Бұрын ұрланып кеткен саудиялық ханзада тағы да із-түссіз жоғалдыМәлімет бойынша, ханзада Каирден Париж қаласына ұшып келуі тиіс болған. Алайда, ханзада француз қаласына ұшып келмеген.

Ханзада достарының бірі оған ұшар алдында әлдекімнің қоңырау шалғанын айтады. Әлгі адамға ханзада өзінің Франция аумағынан алаңсыз шығып кете алатынын айтқан көрінеді.

2003-жылы ханзаданы Швейцарияда жүрген жерінде ұрлап әкетіп, корольдік аумағына жеткізген болатын. Бұған оның Саудия үкіметімен арадағы соты себеп болған еді.

Бұған дейін екі саудиялық ханзада – Турки бин Бандар бин Мухаммед бин Абдуррахман ас-Сауд және Сауд бин Саиф ан-Наср бин Сауд бин Абдулазиз ас-Сауд хабарсыз жоғалып кеткен болатын.

Дереккөз: Nur.kz

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз