Семей тұрғыны Қабанбай батыр дәуіріндегі теңгелерін заңдастырғысы келген

1
323

Семей қалалық әкімдігі жанындағы мүлікті заңдастыру жөніндегі комиссияға жақында бір азамат келіп, өзінің Қабанбай батыр дәуіріндегі теңгелерін заңдастырғысы келетінін айтқан деп хабарлайды 24.kz.

Семей тұрғыны Қабанбай батыр дәуіріндегі теңгелерін заңдастырғысы келген

Алайда комиссия мүшелері монеталардың жылжымайтын мүлікке жатпайтындығына байланысты заңдастырудан бас тартыпты. Көне теңгелердің иесіне мемлекеттік кіріс жөніндегі басқармаға бару керектігі айтылыпты.

Семей тұрғыны 3 ғасырлық тарихы бар бұйымдардың отбасылық құндылық екенін және оны заңдастыру арқылы болашақта сатқысы келетіндігін айтқан. Бұл туралы қалалық комиссиядағылар айтып отыр деп жазды басылым.

Дереккөз: 24.kz

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз