Елбасы Обамаға қазақстандық суретшінің картинасын сыйлады

0
384

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Барак Обамаға суретші Қаріпбек Күйіковтің “Жарылыс” деп аталатын картинасын сыйлады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дәурен Абаев хабарлады.

“Естеріңізде болса, 2012 жылы Сеулдегі антиядролық Саммитте Барак Обама президент сайлауының қарсаңында Мемлекет басшысынан қазақтың тұмарын сыйға алған еді. Осы жолы Қазақстан Президенті символдық сыйлық жасады – халықаралық антиядролық қозғалыстың белсендісі, АТОМ (The Atom Project (ENG) жобасының құрметті елшісі, суретші Қаріпбек Күйіковтің “Жарылыс” деп аталатын картинасын жеткізді”, – деп хабарлады Дәурен Абаев.


© facebook.com/AkordaPress

Сонымен қатар, Дәурен Абаев Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президентіне бұл сыйлықты сыйлауы арқылы өзекті мәселеге тағы да бір рет назар аудартуды көздейтіндігін жеткізді.


qazaquni.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз