Депутаттар үкімет ұсынған құжатты қабылдамауды ұсынды.

1
357

"Су жаңа" депутаттар ең болмаса бір рет үкімет ұсынған құжатты қабылдамай тастауды ұсындыМӘЖІЛІС

Тіпті қызды-қыздымен ең болмаса бір рет үкімет ұсынған құжатты қабылдамай тастайық деген бастама көтерілді. Жаңа заң жобасының тұсауын кесуге арналған жиын көңілді басталған болатын. Ұлттық банк төрағасының орынбасары таныстырмақ болған құжат та халық үшін маңызды еді.

«Коллекторлық қызмет туралы» жаңа заң жобасы банктердің емес, борышкерлердің құқын қорғауға бағытталған екен. Алайда депутаттар мұны керісінше түсінеміз деді.

«Коллекторлық агенттер кепілдікке қойылған бүкіл мүлікті соттың шешімінсіз алып кетуге құқылы емес пе? Осыны қалай осы жерге жазып қойғансыздар?», – деді мәжілісмен Нұртай Сабильянов.

«Борышкердің келісімінсіз ештеңе сатылмайды, Нұреке. Егер де коллектор заңсыз іс-қимыл істеп жатса, борышкер ұлттық банкке арыз жаза алады. Мынау менің жерімді менің рұқсатымсыз сатып жатыр деген сияқты», – деп жауап берді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов.

Ұлттық банк төрағасы орынбасарының бұл айтқаны депутаттарды тыныштандыра қоймады. Мәжілісте ұзақ отырған Мұхтар Тінікеев бұл заңды – халықты тонау үшін жасалған деп ашынып кетті.

«Мы узакониваем рэкет. Сейчас вы хотите благодоря депутатам принять этот, я считаю антинародный закон. Давайте будем иметь мужества и хоть один законопроект отклоним, который предложен правительством?», – дейді Мұхтар Тінікеев,

Осы жерде депутаттардың өз ішінен банкирлерді қорғайтындар шығып, әріптестерінің ашуына ілікті. Мәжілісмендер мұнымен тоқтала қоймады. Өзара даулары жалғаса берді.

Одан кейінгі сауалдардың жауабына сүйенсек, бүгінгі таңда Қазақстанда 205 коллекторлық ұйым бар екен. Тіркелмегендері қаншама. Әлеуметтік шиеленістерді күшейтіп отырған мәселені осылай шешеміз деген үкіметтің бастамасын депутаттар мақұлдай ма, әлде әріптестерінің ұсынысын құптай ма? Ол жағын мәжілістің жалпы отырысы көрсететін болады.

Дереккөз: 31 канал

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз