Шұжық үшін адам өлтірмек болған ұрымен төбелескен ана (видео)

3
314

Шымкент тұрғыны шұжық үшін адам өлтірмек болды деп хабарлайды ТВКарнасы.

Оқиға 2 сәуір күні түнгі сағат 3-тер шамасында орын алды. Белгісіз азамат Шымкент теміржол вокзалындағы дүңгіршектердің бірінен үш шұжықты алып, иесін пышақпен қорқытқан. Оны байқаған 34 жастағы Манзура Тештемірова бірден көмекке ұмтылған.

Шымкенттік келіншек шұжық үшін адам өлтірмек болған ұрымен төбелесті (видео)

Пышақпен қаруланған ер адам оған дене жарақатын салып оқиға орнынан қашып кетпек болған. Бірақ оның бұл әрекетінен түк шықпады. Полиция қызметкерлері келіп жеткенше қайсар әйел оны ұстап тұрған.

Ұры келіншектің қолын ауыр жарақаттаған. Әйтсе де, Манзура қоғамға қауіпті адамды құрықтау үшін барын салғанын айтады. Шымкенттік полицейлер келіншекке алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.

Қазір күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Дереккөз: Nur.kz

3 ПІКІРЛЕР

  1. Батыр анадан туады деген. Осы кісіге осы ерлігі үшін «құрғақ қасық ауыз жыртады» деп бір үй берсе болар еді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз