Тасқын су бөгетті бұзып, жұрт үйлерін тастай қашқан

0
1074

Атбасардың маңындағы Жабай өзені арнасынан асқан. Осыдан кейін құтқару қызметі аяғынан тік тұрып қала тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірді деп хабарлайды КТК арнасы.

Ақмола облысында тасқын су бөгетті бұзып, жұрт үйлерін тастай қашқанКАДР КТК АРНАСЫ

Төтенше жағдай қызметінің таңертеңгілік дабылы жұрттың зәресін ұшырды. Жабай өзені арнасынан асып, қолдан жасаған бөгетті бір сәтте бұзып кеткен. Енді сақтанбаса, осыдан екі жыл бұрынғы оқиға қайталануы бек мүмкін.

Топан судан жүректері шайлығып қалған жұрт өре түрегелді. Тасыған су аулаларға жайылып, 4 тұрғын үйге кірген. 70 адам мектепке орналастырылыпты. Құтқарушылар мен жергілікті басшылық биылғы топан судан қорғану үшін 2 шақырымнан аса жерге топырақ үйіп, бөгет жасаған болатын.

Алайда оның пайдасы тимеді. Оның үстіне өзендегі мұз бен алқаптағы қар әлі толық еріп болған жоқ. Сондықтан қауіп сейілмей тұр.

Дереккөз: КТК арнасы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз