Қазақтың тойларына реформа жүргізу керек

0
669

 

  • Қазақтың тойларына реформа жүргізу керек 

Аста-төк дастарханның шығыны мен ұзаққа созылған тілектерден жалыққан кейбір ағайын қазақтың тойларына реформа жүргізу керек деп есептейді. Оның орнына фрушет типіндегі дастархан мен екі-үш адамға ғана сөз беруді ұсынып отырғандардың бірі танымал журналист Марат Тоқашбаев. Тойдағы тағы қандай дүниелерді өзгертуге болады? Жанар Жолтаева әңгімелейді.

«Той -Тәңірдің несібесі» деп жиған-тергенін қисапсыз тойға шашатын қазекеңе тоқтау салу керек -дейді журналист Марат Тоқашбаев. Оның айтуынша, той белгіленген уақытында басталып, 3 сағаттан аспауы тиіс, қонақтар өзара еркін қауышып, жақынырақ тілдесу үшін тойханада жанға жайлы, жұмсақ музыкалық фон ғана болғаны дұрыс. Сондай-ақ, дастархан басында шегеленгіп отырмай, жасы үлкен меймандардан бөлек қонақтар түрегеп жүріп, фуршеттен дәм татқаны жөн болар еді -дейді журналист.

МАРАТ ТОҚАШБАЕВ, журналист:

– Тойға барған адам демалып, көңілі көтеріліп, қуанып, мерейі асып, мейманасы тасып, жақсы көңіл-күймен қайтудың орнына, жаңағы құлақтан ұрған үлкен децибелдердің, тамадалардың әкіреңдеген «іште те іш, ал да алып қой» деген тықпалауларының, дауыстарының арқасында сондай тойдан адам демалып емес, шаршап қайтады.

Той үстінде қалыңдыққа гүл лақтыртып, ата-анаға торт асату да артық қылық -дейді шығармашылық пен асабалықты қатар алып жүрген Бейбіт Сарыбай. Оның пікірінше дәл осындай салт-дәстүрге қайшы дүниелерден бас тартатын кез жеткен. Құр мақтан мен дарақылықтың, өзінде жоқ болса да, барын салып бар көрсетудің, қарызданып несие алудың еш мәнісі жоқ -дейді ол.

БЕЙБІТ САРЫБАЙ, Асаба:

– Ысырапшылдық деген нәрсе бар, жалған намыс бар. Бізде той жасайтын ағайындар бір ғана нәрседен арылу керек – жалған намыстан арылу керек. Ана бәленшенің тойына барған кезде олардың тойында 5 мәшине жүрді, біздікінде 6 мәшине жүрсін деген сияқты. Бәленшенің тойында анандай әртіс келді, біздің тойда әртіс келмесе ыңғайсыз болады дейді.

Әрине, тойды әркім өз қалауынша өткізуге құқылы. Дегенмен той заманына лайық сипат алғаны жөн. Бұл мәселеге байыппен қарайтын кез бізге де жеткен сияқты.

Жанар Жолтаева, Думан Сүлейменов

31.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз