Жапониялық Хакуба 47 курортында демалған сноубордшы Келли Мерфи таудан түскенде аюдың құрбаны бола жаздады, деп хабарлады Росбалт.
Мерфи айтқандай, таудан түсіп келе жатқанда құлаққаппен Рианнаның әнін тыңдап, өзі де дауыстап орындап, соңына түскен жыртқышты байқамай қалған. Қыз түсірілген роликті қарағанда ғана соңынан аюдың қорбаңдап қуып келе жатқанын көрген.
«Түсірілген видеоны қарап жатқанда аюдың қуғанын көрдім. Бұл кеше Жапонияда „Хакуба 47″ курортында болды! Абай болыңыздар!» – деп жазды Мерфи.
Дерек көзі:ҚазАқпарат