Келінім інімнің жанына жатпай қашып жүр

0
617

 

  • Келінім інімнің жанына жатпай қашып жүр 

 Менің отбасымда 5 кыз 2 бала. Мен бесінші кызбын, 4 апкем де озім де тұрмыстамын.Бесеуміз де балалы -шағалымыз. Жасым 24-те,  3 балам бар.2 ініміздің үлкені 21-де,  уйлендіргенімізге 5 ай болды. Келіншегі 20-да.
Менің айтайын деп отырғаным осы інім мен келінім жайлы.Келінім жақсы, иіліп салемін салып тұрады. Екеуінің арасы жақсы болатын, бір-бірін сүйіп қосылды. Мен інім мен келініме жақын әпшесімін.Кеше екеуінің ұрысканын көріп журегім ауырды.
Олар бір төсекте жатқанмен, төсек қатынасы деген болмайды екен. Ұрыстың бәрі осыдан шыққан. Келінімнен сұрасам алғашқы түннен коркып қалдым,  коркып журмін дейді. Інім «мен еркекпін» деп ашуланады. Келінге дөрекі сөйлейді.
Өзі департаментте бас маман, кешке жұмыстан келіп балдармен кетіп қалады екен. Інімдікі де дұрыс емес, білемін. Алайда келінімдікі де дұрыс емес деп ойлаймын. Мамам кынжылып маған жылады. Келіннің анасына айтып араға кір тусіргісі келмей отыр. Мен араласпаймын десем екеуінің ажырасып кететін түрі бар. Аралары суып бара жатыр.
Анам азаннан кешке дейн ательеде, папам да қасында жүреді. Үйіміз үлкен жер үй қалада. Ішінің бәрі еурожөндеуден өткен, ыстық су бар. Азаннан кешке дейін келін жалгыз өзі үйде болады, еркін жүріп тұрады. Баратын жеріне барып келеді. Інім ішпейді, шекпейді, артық жүрісі жоқ. Соңгы кезде келінге ерегісіп балалаармен түнде жүруді шыгарыпты.Футбол ойнайды екен. Келінім соған ренжейді. Ініме ұрыссам, мен әдейі істеп журмін дейді, ,менің алдымдагы әйелдік міндетін орындасын дейді. Басым қатып кетті. Екеуі де жас. Келінім өте тұйық. Ашылып енесіне де сыр айтпайды екен. Ой косыныздаршы. Араласпайын десем болмайтын түрі бар, ақыл айтқаным дұрыс деп ойлаймын. Келінімді жақтаймын. Себебі жақсы көремін.Осындай жас келіңдер бар ма екен. Төсек катынасынан коркып қашқан. Келінім сонда бала сүйгісі келмей ме, тусінбедім.
Аноним 

http://alashainasy.kz/otbasy/kelnm-nmnn-janyina-jatpay-kashyip-jur-83076/

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз