25 млн теңге жұмсалған жоба қажетсіз болып қалды

1
326

Шымкентте 25 млн теңге жұмсалған қоқыс тастауға арналған жерасты контейнерлері тиімсіз болып шықты. Енді әрбірінің сыйымдылығы 5 текше метр болатын жәшіктер біртіндеп алынып тасталмақ. Бұл туралы Астана арнасыхабарлайды.

Шымкентте 25 млн теңге жұмсалған жоба қажетсіз болып қалдыФОТО: OTYRAR.KZ

Пилотты жобамен орнатылған дүниені жергілікті тазалыққа жауапты мекеме осыдан төрт жыл бұрын Ресейден қыруар қаражатқа алдыртқан.

Сыйымдылығы 5 текше метр болатын мынадай қара пластик бөшкелер Нұрсәт шағын ауданының 19 жеріне орнатылған. Екі метр тереңдіктегі бөшкелердің жалпы саны – 57. 2012 жылы қала қазынасы есебінен сатып алу құны мен орнатуын қосқанда бас аяғы 25 млн теңге жұмсалыпты.

Пилотты жоба ретінде қолға алынған контейнерлердің талапқа сәйкес жарамдылық мерзімі 10 жыл. Бірақ көріп тұрғанымыздай бүгінде қолданыстан шығып қалған.

Пилотты жобаның өзін өзі ақтамауының басты себебі тұрғындардың негізгі талапты сақтамауында, – дейді сала жауаптылары. Айтуларынша, мәселен мына төрт бөшкенің біріне шыны және пластик ыдыстар тасталуы тиіс екен. Ал тұрмыстық қатты заттарға бөлек бөшке қаралған. Азық-түлік қалдықтары да солай бөлек тасталуы тиіс. Бірақ тұрғындар бұған салғырттық танытқан көрінеді.

«Оның іші қанар қапшықпен оратылған да, капсула дейді ғой, капсуласы қанар қапшықпен істелінген да ол, сол бізде жанып кетіп отырды. Өйткені темекінің қалдықтары, күл онша-мұнда кафе, асханадан шыққан күлдер түсіп, темекілердің қалдықтары түсіп қанар қапшықтар жанып кетіп отырды. Қанар қапшық жанып кеткеннен кейін мусорды алу мүмкіншілік болмады. Қалдықтарды бөлек жинаймыз деп жазып та қойылды ол. Бірақ ондай өзін ақтамады», – дейді Шымкент қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы Нұржігіт Әбдірахманов.

Алайда тұрғындар ешқандай ескертуден хабарсыз болып шықты.

 

 

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары қазіргі қойылған темір жәшіктердің артықшылығы сапасы жоғары металлдан жасалған, жарамдылық мерзімі жоғары дейді. Қазір көпқабатты үйлердің 80 пайызына осындай евроүлгідегі жәшіктер орнатылыпты. Ал жерасты контейлерлері таяуда түгел жиналып алынады. Олар қолдану мақсаты белгілі болғанша қоймада болады.

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз