Өскеменде Қазақ-Америка еркін университетінің студенті іздестірілуде. Ата-анасының айтуынша, жігіт жоғалған күні өзімен бірге қомақты ақша алып шыққан деп хабарлайды NUR.KZ порталы YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақжолдың анасы Гүлнұр Зәбірқызының айтуынша, олар бірнеше жыл бұрын Қытайдан көшіп келген. Бүгінде жас жігіт филология факультетінде білім алып, фармацевтикалық компанияда жұмыс істейді.
13 сәуір күні студент жұмыс бабымен 180 мың теңгеге жуық қаржыны өз басшысына алып баруы тиіс болған. Содан бері ол телефон қоңырауларына жауап бермейді. Соңғы рет Ақжолды «Даниель» сауда үйінің маңынан көрген. Студенттің жақындары оны табу үшін экстрасенстердің көмегіне де жүгінген екен.
Полицейлер оны іздеуге салды. Жоғалар күні Ақжол қара күртеше, қара-көк джинсы, кроссовки және кепка киген. Жігіт орта бойлы және қара шашты.
Еріктілер де студентті іздестіруге көмек көрсетуде. Еріктілермен келесі нөмір бойынша хабарласуға болады: 8-708-042-41-37.
Ақжол туралы қандай да бір ақпарат бере алатындар мына телефондарға хабарласуына болады: 8-778-707-01-70, 8-777-980-82-82, 8-747-355-12-75.
Студенттер қатысқан қылмыс көбейіп барады …