Алаяқтықтың жаңа бір түрі шықты

1
372

Арызданушы тергеушілерге алаяқтың аты-жөні, суреті, мекен жайына дейін тауып бергенімен тергеуде өзгеріс жоқ.

Ақтөбеде алаяқтықтың жаңа бір түрі шықтыЗАРДАП ШЕГУШІ

Ақтөбе қаласының тұрғыны Айбек Дүйсенов алаяқтарға алданғанын айтып «NUR.KZ» порталынан көмек сұрады. Арызданушының айтуынша, жерігілікті полиция қызметкерлерінен қайран жоқ.

«Өзім мал базарында мал сатумен айналысамын. 9 сәуір күні базарға бір жігіт келіп «Қой аласың ба?» деп сұрады. Бағасына келіссем алатынымды айттым. Олар мені қала сыртына «Пригородный 1»-де ағамның үйі бар» деп бір жерге ертіп апарды. Сол жақтан мені үш жігіт күтіп алды. Екеуі қазақ, біреуі орыс. Медет пен Арман деген екі қазақ жігіт мені қораға әкелді. Сол жерде бір кісі машина жуып тұрды. Үйден бір әйел шығып еді оның қасына Медет дегені барып сөйлесті. Одан шай ма, су ма бірдеңе сұрап, кейін алып кетті. Шамалыдан кейін қайтып келіп, бағасымен келісті. Қорада отыз бас қой қызысымен жүрді. Олар соны 700 мың теңгеге беретінін айтты», -дейді Айбек Дүйсенов.

Малдарды көрсеткеннен кейін оны қораның қасынан алып кеткен. Айбек Дүйсенов үйде жүрген адамдардың ешқайсысымен сөйлеспеген. Ол өзін ертіп келген үш жігітке еріп жүре бергенін айтады.

«Олар «Мына жерден малдың иісі шығып тұр, үйдің алдына барып сөйлесейік» деді. Мен оларға отыз бас қойдың бәрін ала алмайтынымды, 15 басын 300 мың теңгеге алатынымды айттым. Олар машинаға ертіп апарып сөйлесті. Телефонмен біреуге хабарласып «15 басты алам деп тұр, берейін бе?» деп сұрады. Мен үйінде жүрген адамдар олардың шынымен аға-жеңгесі екен деп ойладым. «Малды аға-жеңгем бағып отыр, мал біздікі. Бағасын папам шешеді» деп сендіріп айтты. Өздері «қазір малды тиесеміз, ақшаны төлеп таста, бір жерге тығыз керек болып тұр» деген соң мен сол жерде 15 бас қозылы қойдың ақысы деп 300 мың теңгені санап бердім. Маған «артқы жақты айналып кел, қақпа сол жақта сосын сол жақтан тиеп жіберейік» деді. Ақшаны санап берген соң, қораның артындағы қақпаға бардым. Үйінде жүрген кісі есікті ашып кіргізді. Мен ол кісіге малды тиейік десем, «бірінші ақшаңды төлемейісің бе, біз 15 басты бөліп сатпаймыз, сатсақ бәрін сатамыз» деп қарап тұр. Түсінбей қалдым. Мен жаңағы балаға бергенімді айтып, ол інің емес пе еді деп жанталасып сұрап жатырмын. Ол «Қой, олар да мал алам деп келген адамдар. Қазір ағамды алып келеп деп кеткен» дейді. Содан есік алдына жүгіріп шықтым. Машина кетіп қалған. Бірден полицияға Заречный бөлімшесіне барып арыз жаздым»,- дейді Айбек.

Алданғанын кеш түсінген ол жанталасып іздеу салғанымен ешкімді қолына түсіре алмайды.

«Өзім үйге келіп, ғаламтор арқылы іздеу жүргіздім. Алдап кеткен жігіттердің Медет Назарқұлов пен Арман Құнұсбаев екенін таптым. Полицияға аттары мен суреттерін апарып бердім. Олар бұрыннан алаяқ жігіт екендерін айтты. Біреуінің әкісі Ақтөбедегі «Сенім» клиникасында дәрігер болып жасайды екен. Оның үйін де таптым. Үйіндегілер ол туралы білмейді екен», – дейді өздігінен тергеу жүргізіп табаны таусылған зардап шегуші.

Дереккөз: Nur.kz

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз