Ресейде бір топ азамат тәжік жігітін тірідей көміп тастаған

0
556

Ресейдің Волгоград қаласында тәжік азаматын тірідей көміп тастаған деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтары.

Ресейде бір топ азамат тәжік жігітін тірідей көміп тастаған

Кісі өлтіргендер қылмыс жасар алдында құрбанның 22-ге толған туған күнін бірге тойлаған.

Волгоград облысы Тергеу комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 сәуірде құқық қорғау органдарына бір адам келіп, қылмыстық оқиғаның куәсі болғанын айтқан.

Мәлім болғандай, 12 сәуірде ол достарымен бірге Тәжікстан азаматының (есімі белгілі себептерге байланысты аталмайды) 22-ге толған туған күнін атап өткен. Таңертеңге қарай куәгер болған азамат ұйықтап қалған. Ұйқысынан оянғаннан кейін, жігіттердің арасында жанжал болғанын біледі. Волгоградтықтар тәжік азаматын сарайға алып барып, шұңқыр қазуды талап еткен. Кейін оны тірідей көмген.

Оқиға орнына барған құқық қорғаушылар сарайдан қанның ізін көреді. Оқиғаға байланысты «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Шұғыл іздестіру шарасы нәтижесінде, жерасты төлесінен жаңадан қазылған орынды табады. Күдіктілер құрбанды қазып алып, қайтадан басқа жерге көмген. Қазір іздестіру шаралары жалғастырылып жатыр дейді құқық қорғау қызметкерлері.

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз