ЛЕНИН — ТАЗА, БІРАҚ КҮНӘҺАР АДАМ

0
995

PicMonkey Collage

Амантай қажы аяқ астынан Владимир Ильичті жақтап шықты. Бүгін Лениннің туған күнін тойлап «аттандаған» ол, коммунистер көсемін біресе «қайраткер», біресе «күнәһәр» деп сөзінен шатасып қалды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

«Ленин — қазақ халқына көп нәрсе істеген адам! Қайраткер!», — деді ол.

«Аттандап» жүрген қажы бұл жолы жақтастарын Лениннің Алматыда әлі қасқайып тұрған ескерткішінің алдына жинапты. Тіпті, қанқұйлы қызыл империя көсемін жер-көкке сыйғызбай мақтап, қызды-қыздымен «күн-көсем» тәуелсіз еліміздің негізін қалаушы деп салды. Десе де, Лениннің атын айқайлап айтып, ел назарын аударғысы келген оның өзі де сөзінен шатасып қалды.

Амантай қажы Асылбек, «Аттан, Қазақстан!» қозғалысының жетекшісі:

-Ол күнәһәр адам! Мен Ленинді «ақ» деп тұрған жоқпын! Лениннің еңбегін айтып тұрмын!

-Сонда күнәһәр адамның туған күнін тойлап отырсыз ба сіз бүгін?

-Ой, сен айналайын, күнәһәрлар болады еңбегі зор болады айналайын! Түсінбейсің бе? Бұл таза адам болған, күнәһәр болған бірақ!

КТК

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз