Өрмекші-адам Алматыдағы ең биік ғимаратты бағындырды (фото)

0
720

Белгілі француз құзға өрмелеушісі, есімі Гиннес рекордтар кітабына енген Ален Робер Esentai Tower ғимаратына өрмелеп шықты.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

53 жастағы өрмекші адам Қазақстанға Алматыдағы ең биік ғимаратты бағындыру мақсатымен келген. Биіктігі 168 метр болатын ғимаратқа Ален Робер альпинистік құралмен көтерілді. Арасында бөгеліп камераға түсіріп отырды. Бір сағат көлемінде өрмекші адам шатырға шықты. Робердің шоуын жүздеген адам тамашалады.

Робер шыңға өрмелеумен бала кезінен айналысатынын жеткізді. 11 жасында ең алғашқы биіктігін бағындырған ол шыңға өрмелеуді хоббиге айналдырған.

«Тауға шыққаннан гөрі ғимаратқа шыққан қиынырақ. Бір рет құлап қала жаздадым. Бірақ өз мақсатымнан бас тартпаймын», – деді Робер.

Француз спортшысы Қытайдағы, Ұлыбританиядағы, Франциядағы ең биік ғимаратты бағындыруды мақсат тұтып отыр. Өз өмірінде спортшы 70 ғимаратқа шыққан екен. Олардың ішінде IBM бас ғимараты, Hilton, Framatome, Куала-Лумпурдағы Петронас мұнарасы, Барселонадағы Торре агбар ғимараты, түрлі банктердің ғимараты, Мəскеудегі ММУ ғимараты бар. Дубайдағы 828 метрлік «Бурдж Халифа» ғимаратын 6 сағатта бағындырған.

Дереккөз: ИА «Казинформ»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз