Ерлан Сағадиев: Қазақ мектептері орыс мектептерінен 1,5 жылға артта қалған

1
335

Қазақ тілінде ғана оқыту елдің дамуын тежейді. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев көп тілді балалардың барынша табысты болатынына сенеді.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Оның ойынша, қазақ мектептері орыс мектептерінен 1,5 жылға артта қалған.

12 жасқа дейін ана тілінде ғана білім беретін жапон жүйесін құптамайтынын аңғартқан министр оның Қазақстанда неліктен жүзеге аспайтынын айтты.

«Мұнда бірқатар жаңа проблемалар бар. Жапония -моноұлтты арал. Ал біз көп ұлтты мемлекетпіз, Еуразия орталығында 100-ден астам ұлт бар. Біздің балаларымыз туғаннан көп тілді ортада. Бұл бір.

Екінші. ЭЫДҰ зерттеулері оқу сауаттылығы жағынан қазақ тілінде оқытатын мектептің балалары орыс тілінде оқытатын мектептердегі құрдастарынан 1,5 жылға артта қалған. Бұл еліміздің ішінде. Монотілділік осындай артта қалушылыққа әкеледі. Біріншіден қазақ тіліндегі оқулықтар сапасын Жапонияның деңгейіне жеткізу қажет. Біз осымен жүйелі түрде айналысамыз.

Үшінші. Жеке жоспар бар. Біз балаларымыздың болашақта Гейтс пен Цукерберг болғанын қалаймыз. Гейтс – IT технология бойынша әлем чемпионы. Әлем чемпионы болудың оңай емес екенін біз түсінеміз. Мысалы, мәнерлеп сырғанау бойынша 3 жастан бастап шұғылдану қажет. Монотілділік идеясын басқаша айтқанда бізге 12 жасқа дейін бокспен айналысып, одан кейін мәнерлеп сырғанауға көшіп, әлемді бағындыру ұсынылып отыр. Бұл қазіргі кезде қаншалықты шындық? Бұған жастардың өзі қалай қарайды?

Төртінші. Бұл дәлелдің негізі -жастарды сақтандыру.

«Қазіргі жастар молшылықта өмір сүруге үйренген, бұл келеңсіз әдеттермен ерекшеленеді, беделді ұнатпайды, үлкендерді құрметтемейді, балалар үлкендермен дауласады, мұғалімдермен айтысады». Бұны кезінде Сократтың өзі айтқан. Осы уақытқа дейін қаншама ұрпақ өтті, сол кездің бәрінде де ата-бабаларымыз өздерінің балалары үшін алаңдаушылық білдіреді. Біздің балаларымыз әрқашанда да патриот болып қалады, өз Отанын сүйетін болады. Біздің міндетіміз: әлемдегі ең білімді адамдармен теңестіру.

Дереккөз: Tengrinews.kz

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз