Үндістанда 5 жасар қызды мәжбүрлеп тұрмысқа берді

0
502

Индуистік фестивальда ата-аналары бес жасар қыздарын он бір жастағы балаға тұрмысқа шығуға мәжбүрледі, деп мәлімдеді MIGnews.ru.

https://youtu.be/qS1BD6LVnio

Куәгерлер үйлену тойын видеоға түсіріп, желіге салған. Роликте үндістандық  Раджастан штатында кішкентай балалардың неке қию рәсімі көрсетілген. БАҚ хабарлағандай, заңсыз индуистік рәсімде Үндістанда белгіленген некеге отыру жасынан (әйелдер 18 жас, ерлер 21 жас) кіші балалар арасында 12-ге жуық үйлену тойын ұйымдастырған.

Үндістанның ауылдық жерлерінде балаларды үйлендіру қалыпты жағдай саналады. Ата-аналары ерте үйлену неке үшін қолайлы деп есептейді.

Полицейлер фестивальдан кейін балаларын үйленуге мәжбүрлеген отбасыларға қарсы бірнеше қылмыстық іс қозғады. Олардың барлығы құқық қорғау органдарынан бой тасалап жүргені хабарланады.

Дереккөз: ИА «Казинформ»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз