АҚШ тұрғыны үш жасар қызын қытықтаймын деп өлтіріп алды

0
614

АҚШ-та әйел үш жасар сәбиін қытықтаймын деп өлтіріп алды. Үздіксіз қытықтау жеті жасқа толмаған балаларда асфиксия тудыруы мүмкін. Ал бұл өз алдына өлімге әкеліп соқтырады деп хабарлайды NUR.KZ порталы newinform.comсайтына сілтеме жасап.

ФОТО: HOTSHOWLIFE.COM

Трина Уильямс есімді азамтша туған баласын өлтіргені үшін сот алдына келді. Полицейлер Тринаның нәрестесін абайсызда өлтіріп алдым дегеніне күдікпен қарайды. Уильямс қызымен екі айлық кезінен «қытықтап ойнайтынын» алға тартқан.

«Қызым Тати мен маған бұл ойын түрі ұнайтын. Әр кеш сайын осылай ойнайтынбыз. Түсіне алар емеспін, ол жай қозғалмай қалды. Қатты күліп жатыр еді, аяқ асты үнсіз қалды. Не болғанын түсінбедім. Дегенмен, менің әлі алты балам бар, сондықтан бәрі жақсы. Қызымды сағынатын боламын, алайда тағдырдың жазғаны осы», – деді ешқандай эмоция білдірмеген әйел.

Ал полиция басшысы Геральд Ватсон болса, әйелдің баласын абайсыз өлтіріп алғанына сенбейтін болып шықты.

«Оның айтқанына сенбеймін. Балақайдың денесі бірнеше жерден көгеріп қалған. Сараптама нәтижелерін күтудеміз. Анасы көгерген іздер қытықтағаннан кейін пайда болғанына сендіруде… Біз оған сене қоятындай… Оның «баламның қазасы мені алаңдатпайды, тағы балаларым бар» деген сөздері жиіркенішті естіледі», – дейді Геральд Ватсон.

Ватсонның айтуынша, әйел баласын қасақана өлтірген болуы мүмкін. Ал Уильямстың өзге алты баласы Балаларды қорғау қызметінің қарауына тапсырылды.

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз