Қарағанды облысында полицейлер бұзақыларды тоқтату үшін оқ жаудырды

1
264

24 сәуір күні Қарағанды облысы Қарқаралы қаласындағы «Тамаша» мейрамханасында бес ер адам мас күйінде полицейлерге тап берді. Тәртіп сақшылары оларды тоқтату үшін оқ жаудырды деп хабарлайды NUR.KZ порталы облыстың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПИСТОЛЕТ. ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫҚ ФОТО: YAPLAKAL.COM

«Ер адамдар мас күйде қызметтік көлікті тоқтатып, полицейлерге тіл тигізе бастады. Оларға полицейлердің бірі мас күйде көлік жүргізгені үшін хаттама толтырған», – дейді ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Полицейлердің бұзақыларды тыныштандыру әрекеті нәтиже бермеді. Ішімдікке сылқия тойған азаматтар тәртіп сақшыларына тіл тигізіп қана қоймай, жұдырық ала жүгірген. Полицейлердің иығына және арқасына соққы жасай бастаған.

Тәртіп сақшыларының бірі нұсқаулыққа сәйкес, ескерту мақсатында ауаға бірнеше рет оқ жаудырады. Дегенмен бұзақылар соққыға жығуын тоқтатпады. Нәтижесінде полицей жерге қарай оқ атады.

Алайда тасты жерге тиген оқ әрі қарай ұшып өтіп, мас бұзақылардың біріне тиген.

Полицейлер дереу жедел жәрдем шақыртып, жарақат алған азаматқа көмек көрсетілді.

Күдіктілер қамауға алынып соталды тергеу жұмыстары басталды. Прокуратура қарудың орынды қолдануын тексеруде.

Дереккөз: Nur.kz

1 Пікір

  1. Полицейлер Жұмыс барысымен суық қару пайдалануына болатын шығар.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз