Президент білім реформасын халыққа дұрыс түсіндіре алмаған Сағадиевті сөкті

10
471

Білім саласында тағы бір бастама. Қазақ тілі мен әдебиеті бір пән ретінде оқытылуы мүмкін деп хабарлайды 31 арна.

Осындай ұсыныс айтқан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  Білім және ғылым министріне пәндер санын қысқартуды тапсырды. Сондай-ақ президент «үш тілді оқытудың» қазір ауадай қажет екенін де айтты.

«Халыққа түсіндіре алмайсыңдар!» Президент министр Сағадиевті осылай сынады. Білім министрімен бірге жүз өзгеретін білім саласындағы реформаларды халық дұрыс ұқпаған, президент «даудың басы осыдан» деді.

Сөгіс естіген Сағадиев «үш тілді оқыту», «бескүндікке» көшу іспетті «жаңалықты» «менің бастамам емес», 15 жылғы үкімет жұмысы деп ақталды. Ал жаңашылдықтарды министр жұртқа күнде түсіндіріп жүр екен.

«Қазір түсіндіріп жатырмыз, мен сөйлеп жатырмын күн сайын. Ертең халықпен сөйлесіп бір түсіндіріп беремін дұрыстап», – деді министр.

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ ЕРЛАН САҒАДИЕВ. ФОТО TEMOCENTER.RU

«Бескүндік білімге көшу үшін оқуды ұзарту емес, пәндерді қысқарту керек» деген президент тағы бір оймен бөлісті.

«Например, қазақ тілі мен әдебиеті можно один предмет сделать? Литература и грамматика русского языка, история и география. Мы детей пичкаем ужасно много, такого нет в мире», – деді Назарбаев.

Қазақ тілі мен әдебиетін бір пән ретінде оқытуды министр де құптап отыр.  Президенттің пәрменін екі етпейтін Ерлан Сағадиев жоғары сыныптардағы пәндердің 30 пайызы қысқаратынын айтты. Бұл аяқ асты емес, төрт жылда жүзеге асады деген министр бес баланың әкесі ретінде «барлық реформа бала үшін » деп уәде етті. Ата-аналарды уайымдамауға шақырды.

Сондай-ақ президент әлем тарихын орыс, өзге техникалық, жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытуды қазір ауадай қажет деп отыр. «Көзге құм құйған» деп кеңес кезін айыптаған Назарбаев тамақ тауып жегің келсе тіл білу міндетті деп кесті.

Сондай-ақ президент бюджеттен ақша ұрлап, жемқорлыққа барған шенеуніктерді темір торға қамаудың қажеті жоқ деді. Жегендерін он есе қайтарып, мүліктерін тартып алған соң олардың қол-аяғын байлаудың қажеті не деген Нұрсұлтан Назарбаев түрменің тәрбиелейтініне күмәнмен қарайды.

Тіпті оларды абақтыға отырғызып, асырау үшін ақша шашудың керегі жоқ деген президент түрмедегі адам санының 40 пайызға азайғанын айтты.

Дереккөз: 31 канал

10 ПІКІРЛЕР

  1. Дұрыс. Жауапты министрлік пен олардың мамандары оңтайлы жұмыс жасауы керек қой.

  2. Иа, басшылар бірінші болып халықтың алдына шығып не қалай өзгеретіндігі туралы ойларын айтса мұндай тартыс та болмас еді.

  3. Халыққа білім саласындағы болып жатқан реформалардың не үшін, қалай жүзеге асатындығын түсіндіру керек.

  4. Білім саласындағы жүзеге асырылып жатқан реформалар оң әсерін тигізеді деген сенімдемін.

  5. Түсіндірме жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуі себепті әркім өзінше түсінуде, оның үсітне елімізге қызыға да қызғана қарайтын дұшпандар өз арандатишылық әрекеттерін жасауға тырысады, осындай кезде бір болуымыз, бір-бірімізді тыңдай білуіміз, пікірлерімізді сыйлай білуіміз қажет

  6. Ия, оқуға артық сабақтар көп-ақ, олардың санын қысқартып бес күнлік оқуды енгізсе оқушылардың да уақытын тиімді әрі пайдалы іске жұмсауына мүмкіндік болар еді

  7. Арнайы министрліктің өкілдері мектептегі ата-аналарды жинап және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіру керек сияқты

  8. Бастсуыштағы Логика, Самопазнания дегендердің керегі не? Оларға бір, бір сағат беріп қойған аптасына.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз