Қарағанды облысы әкімінің ай сайынғы табысы шамамен миллион теңгені құрайды

0
539

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков өзінің ай сайынғы табыс мөлшерін жария етті. Ақпаратқа сәйкес, оның қызметтік еңбеақысы 953 260 теңгені құрайды. Бұл туралы аймақтың ресми сайтына сілтеме жасап NUR.KZпорталы хабарлайды.

НҰРМҰХАМБЕТ ӘБДІБЕКОВ. ФОТО: KARAGANDA-REGION.GOV.KZ

Облыстық әкімшіліктегі шенділер де өз табысының мөлшерін жария етті.Құжатта бұл қадам «Өзіңнен баста» акциясының аясында жасалғаны айтылған.

Оған сәйкес, облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаев 669 780 теңге алады. Әкімнің тағы бір орынбасары Шагурашид Мамалинов 644 796 теңге табады.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы Ысқақова Жанат Маратқызы 630 381 теңге жалақы алады. Дәл сондай еңбекақысын Әлеуметтік мәселелер бойынша әкімнің орынбасары Жандос Әбішев алып отыр.

Ал әлдеқайда азырақ айлық өнеркәсіп бойынша әкімнің орынбасары Әнуар Ахметжановта болып шықты – 549 662 теңге.

Ал энергетика, коммуналдық шаруашылық пен төтенше жағдай мәселелері бойынша әкімнің орынбасары Андрей Ляпунов 525 638 теңге алады.

Қарағанды облысының шенеуніктері мүліктері туралы ақпарат жыл сайынғы декларацияда көрсетілгенін алға тартып, тек өз айлықтарының мөлшерін ғана жария етті.

Еске салсақ, бұған дейін өз табыстары туралы ақпаратты ресми сайттаҚарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров жария еткен болатын.

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз