АҚШ-та Обаманың Ақ үйіне кіргісі келетіндер көбейіп кеткен

1
335

АҚШ президентін күзететін Құпия қызмет мамандары Ақ үйдің қорғанынан асып түскен кезекті тәртіп бұзушыны қолға түсірді.

АҚ ҮЙ. ФОТО: JOURNAL-O-KINO.RU

Осы оқиғадан кейін полиция қызметкерлері резиденцияға кіріп-шығатын барлық қақпаны уақытша жабуға мәжбүр болған, деп хабарлайды BNews.kz.

Вашингтон жедел жәрдем және өрт сөндіру қызметі мамандарының хабарлауынша, азамат қоршаудан заңсыз асып түсемін деп қолын жаралап алған.

Обаманың күзетшілері әдеттегідей қылмыскердің қолын қайырып, абақтыға жаппай, керісінше, жаралаған қолын таңып беріп, жақын маңдағы ауруханалардың біріне жөнелтіпті.

Қылмыскердің Ақ үйге неліктен кірмек болғаны әзірге белгісіз. Айта кетейік, Ақ үйдің қоршауынан асып түсуді «жаны сүйетін» вашингтондықтардың саны жыл санап артып келеді.

Қылмыскерлердің неліктен есіктен кірмей, қоршаудан асып түсетіні әлі күнге белгісіз күйінде қалып келеді.

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз