Сәбиін қоқыс жәшігіне тастап кеткен бойжеткен ірі компанияда қызмет етеді

1
919

Астанада полицейлер қоқыс жәшігінің маңына тасталған нәрестенің анасын тапты. Ол 21 жастағы Ақтөбе тұрғыны болып шықты. Бұл туралы NUR.KZпорталы полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сәбиін Астанадағы қоқыс жәшігіне тастап кеткен бойжеткен ірі компанияда қызмет етедіФОТО: BISNEWS.KZ

«Полицейлер іздестіру шарасы барысында 22 сәуір күні жаңа туған сәбиін Астананың Ақмешіт көшесіндегі подъезд маңына тастап кеткен ананың Ақтөбеде жүргенін анықтады. 21 жастағы бойжеткен акционерлік қоғамдардың бірінде жұмыс істейді», – делінген баспасөз хабарламасында.

Белгілі болғандай, күдікті 4 сәуір күні Астанаға жұмыс бабымен келген. 22 сәуір күні жалға алған пәтердің ішінде ол ұл баланы дүниеге әкеліп, оны көрпеге ораған күйі көшеге тастап кеткен. Келесі күні Ақтөбеге кетіп қалған.

«Бүгінде Қылмыстық кодекстің 119 бабы бойынша соталды тергеу жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды», – дейді мекеме.

Еске салсақ, 22 сәуір күні Астана тұрғындары қоқыс маңына тасталған нәрестені тауып, жедел жәрдем шақыртқан болатын. Абырой болғанда сәби аман қалған. Бүгінде ол балалар емханасына жатқызылды.

Дереккөз: Nur.kz

1 Пікір

  1. Біздің үлкен орында жұмыс істейтін адамдардың мәдениеті осындай.
    http://www.gu-gu.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_negative.gif

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз