Қайрат Нұртастың Мәдениет және спорт вице-министрі атанғаны рас па?

0
549

Жақында Қайрат Нұртас Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды деген ақпарат тарады. Әншінің директоры бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Қайрат Нұртастың Мәдениет және спорт вице-министрі атанғаны жоққа шықтыҚАЙРАТ НҰРТАС

Әншінің директоры Лаура Сейітбекова NUR.KZ порталына берген сұхбатында ондай тағайындау болмағанын, мұның қалжың болуы мүмкін екенін алға тартты. NUR.KZ ақпараттың растығын анықтау үшін құзырлы мекемеге де хабарласты.

Ал Yvision.kz блог-тұғырнамасының akassym парақшасында Қайрат Нұртастың вице-министр атанғаны туралы ақпарат біраздан кейін өшіріліп тасталды. Дегенмен редакцияда парақшаның скриншоты сақталған.

Қайрат Нұртастың Мәдениет және спорт вице-министрі атанғаны жоққа шықты

Еске салсақ, бұған дейін Қайрат Нұртас “Нұр Отанның” партиялық тізіміне енген болатын. Ол тізімдегі ең жас кандидат атанды. Ағымдағы жылдың 25 ақпанында ол 27 жасқа толды.

Қайрат Нұртас – қазақ эстрадасындағы танымал әнші. Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында дүниеге келген әнші «Форбс-Казахстан» мен MuzZone арнасы ұсынған 2013 жылдың рейтингісі бойынша ең сұранысқа ие қазақстандық шоу-бизнес өкілдерінің көшін бастаған.

 Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз