Мирас Асан: Әкім құтырсын, Ақын – ұтылсын…

0
1109

014

АРЗУ

Жігер – құм болды,
Жүрек – күл болды…
Жерім – пұл болды,
Елім – құл болды…

Сатып бітірсін,
Атып… үкім, сын…
Шенді құтылсын,
Шелек – тұтылсын!

Билік – бүкір шын,
Күйдік, бүкілі сұм.
Әкім құтырсын,
Ақын – ұтылсын…

Қарыз белшеде,
Арыз кеңседе…
Руы – ас, тойда,
Рухы – еңседе…

Байлық шылқыды,
Айлық – күлкілі…
Тесік қалтамыз,
Тесік – құлқыны…

Балық – қармақта,
Халық – шарбақта.
Құзғын – тұғырда,
Тізгін жармақта…

Айнам, Азаттық,
Қайдам, қазақтық…
Елді мазақ қып,
Жерді тозақ қып,

Өзі бір жақта…
Сөзі қылжаққа…
Қолы қаламда,
Көзі қыр жақта…

Мирас Асан

qazaquni.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз