Сақ болыңыз! «АлматыЭнергоСбыттың» атын жамылған алаяқтар пайда болды

0
639

 

  • © almaty.tv© almaty.tv

 Алматыда соңғы уақытта алаяқтардың тарапынан заңсыз іс-әрекеттердің саны жиілеп кетті. Алаяқтар өздерін энергиямен жабдықтаушы ұйым «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің қызметкерлері деп таныстырып, тұтынушылардан (тұтынылған электр энергиясының қарызы мен басқа да бұзушылықтар) қолма-қол ақшаның ұсынуын талап етеді. Олардың кейбіреулері қандай да бір шарттардың орындалмағаны туралы айыппұл санкциялары бар жалған нұсқамаларды және шот-түбіртектер мен басқа да жалған құжаттарды ұсынуы мүмкін.
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС ресми түрде тұтынушыларына қандай да бір қызметтер үшін қолма-қол ақша қаражаттарын талап етпейтіндігі және мұндай әрекеттер заңмен қудаланатынын хабарлайды.
Осындай фактілер анықталған жағдайда, жедел әрекет ету үшін тұрғылықты мекен-жай бойынша аумақтық бөлімшегі немесе 356-99-99, 356-99-00 телефон нөмірлері бойынша «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің байланыс орталығына, сонымен бірге құқық қорғау органдарына хабарласуыңызды сұрайды. АЭЖБ-нің байланыс ақпараттары компанияның www.esalmaty.kz сайтында орналастырылған.
almaty.tv

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз