Қанат Исламның жекпе-жегі «Қазақстан» арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі

0
1183

 

  • Қанат Исламның жекпе-жегі  

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы қазақстандық боксшы Қанат Исламның жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді, – деп хабарлайды Vesti.kz РТРК баспасөз қымзетіне сілтеме жасап.

Ислам кәсіпқой бокстағы 21-ші кездесуін өткізгелі отыр. Бұл жолы оның қарсыласы колумбиялық Хуан Де Анхель болмақ. Екі боксшының кездесуі АҚШ-та өтеді. Ұлттық арнадағы трансляция 9 мамыр күні таңертең 07.00-де басталады.

Еске салайық, Қанат 2012 жылдан бері кәсіпқой бокста өнер көрсетіп келеді. Ол осыған дейін өткізген 20 жекпе-жегінде жеңіске жетіп, оның он жетісін нокаутпен аяқтады.
kaz.tengrinews.kz 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз