Жұмбақ жағдайда жоғалған студенттің соңғы сәті камераға түсіп қалған

0
461

Алматыда із-түссіз жоғалып кеткен Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінде оқитын Санжарбек Арзиевті полиция қызметкерлері, туған-туысы және курстастары үшінші күннен бері іздеп таппай жатыр.

Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалған студенттің соңғы сәті камераға түсіп қалғанСАНЖАРБЕК АРЗИЕВ. КАДР КТК АРНАСЫ

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Университеттің бесінші курсында оқитын Санжарбек сәуірдің 29-нан 30-на қараған түні достарымен туған күнін тойлапты. Түнгі сағат 2 жарым шамасында Құрманғазы көшесі мен Есентай өзенінің қиылысқан тұсында көлікті тоқтатып, сыртқа шығып, сол күйі ұшты-күйлі жоғалған. Тек оның темір қоршаудан өзен аңғарына қарай құлап түскені жақын маңдағы бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Бірақ өзен арнасын сүзіп шыққан сүңгуірлер онда адам денесін таба алмады.

Сөйтіп, аяқасты жоғалған студент не судан, не жерден табылмай жатыр. Полициядан бөлек, туған-туысы мен бірге оқитын курстастары үшінші күн қатарынан Санжарбекті іздеп бүкіл қаланы шарлап жүр.

Еске сала кетсек, Алматыда медициналық университеттің студенті жоғалып кеткені хабарланған еді.

 

Дереккөз: КТК арнасы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз