Тараздық жігіт аяғына оқ тигеніне қарамастан, әйелді қарақшылардан құтқарып қалды

0
294

Таразда 22 жастағы азамат кәсіпкер әйелді тонап қашқандардың соңынан қуып жете бергенде, оған баукеспелердің бірі тапаншамен атып сұлатып түсірген. Оқ Жандос Тоқтасынның аяғына тиіпті деп хабарлайды КТК арнасы.

ФОТО: SN.KZ

«Үйімнен шықтым, үйімнің алдында екі жас бала отыр екен. Жақындап неге отырсыңдар деп сұрап едім, мойынымнан қылқындырып, тапанша тақады. Сол мезетте қолымдағы сөмкемді жұлып алып қашып кетті», – дейді зардап шегуші әйел.

Екі жігіт кәсіпкер әйел үйінен шыға бергенде сөмкесіндегі 2 жарым млн теңгесін алып, тайып тұрған. Жанұшыра айқайлаған келіншектің дауысын сол маңнан өтіп бара жатқан Жандос естіп, қарақшылардың соңынан қуа жөнеледі. Ұрыларға жете бергенде, оған біреуі оқ атып сұлатып түсірген.

Осы мезетте тәртіп сақшылары да шұғыл жетіп, 56 жастағы әйелді тонағандарды оқиға болған жерден ұзатпай ұстаған. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Ал ерлік жасаған азаматтың үйіне Ішкі істер басқармасының басшылығы арнайы барып, алғыстарын жеткізді. Енді Жандосты арнайы марапатқа ұсынбақ.

Дереккөз: КТК арнасы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз