Франциялық журналист: «Ислам мемлекетіне» исламның түк қатысы жоқ

0
398

Франциялық журналист Париж қаласында жарылыс ұйымдастырмақшы болған ИШИМ лаңкестерінің арасына еніп, олардың іс-әрекеттерін жасырын камераға түсіріп отырған.

Бұл туралы muslim.kz хабарлайды.

Ол өзіне әлеуметтік желі арқылы Саид Рамзи деп таныстырып, олардың қатарына қосылған. Лаңкестердің сеніміне кіріп, етене араласқан журналист олардың Ислам дінінмен үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын айтады.

«Оларды әлемді жақсарту жайлы ойлары да жоқ. Олар – адасқан, жаңылысқан жас жігіттер. Көбісінің бойынан суицидтік бейімділік байқалады», – дейді ол.

Ол өзінің ИШИМ-діктер қатарында жүрген кезінде олардың Париждегі түнгі клубтардың бірінде жарылыс ұйымдастырмақ болғандарын айтады. Алайда, тәртіп сақшылары дер кезінде оларды тұтқындап, апаттың алдын алған.

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз