2014 ЖЫЛҒЫ «ТӨҢКЕРІСТЕН» КЕЙІНГІ УКРАИНАДАҒЫ ЖАҒДАЙ

0
449

1411725785_kartina

2014 жылғы Украинадағы биліктің ауысуы елдің экономикалық өркендеуіне кері әсерін тигізді. Атап айтқанда, 2014 жылдың қорытындысы бойынша елдің ІЖӨ 2013 жылғы 183 310 млн. доллармен салыстырғанда 131 805 млн. АҚШ долларына дейін қысқарды.  Осы кезеңде Украина халқының әл-ауқаты күрт төмендеді: ІЖӨ халықтың жан басына шаққанда 25%-ға,  4030 доллардан 3014долларға дейін түсті. Дегенмен 2010 жылғы 2974 доллардан 2013 жылы 4030 долларға дейін тұрақты өсу атап өтілген болатын.

Еуромайдан көшбасшылары елдің экономикасындағы дағдарыстың асқынуын жеңе алмады. Атап айтқанда, 2014 жылғы ІІ тоқсаннан бастап экономикалық жағдайлар «домино» қисыны (логика) бойынша өтті – өндірістің қысқаруы, жұмыспен қамту деңгейінің төмен түсуі, кірістер мен сұраныстардың төмендеуі.

Қарсы күресуші тараптардың бөліну бағыттарындағы шиеленісушілік, психологиялық соғыстың шиеленісуі, Ресеймен (ірі сауда-экономикалық әріптеспен) экономикалық даудың өршуі, украиналық компаниялардың белсенділігін тоқтатуға , азаматтарды – «күн көріске»(немесе қоныс аударуға)  көшуге итермеледі. Украина экономикасы ауқымы және салдары бойынша 1990 жылдардағы төмендеуге жақын екінші терең құлдырауға  әкелді.

1 кесте – 2002-2015 жылдардағы Украинаның ІЖӨ динамикасы (серпіні)

2002-2015 жылдардағы Украинаның ІЖӨ динамикасы
Атаулы  ІЖӨ ( млн.грн.) ІЖӨ (млн.USD)
2002 225810 42393
2003 267344 +41534 +18.4% 50133 +7740 +18.3%
2004 345113 +77769 +29.1% 64883 +14750 +29.4%
2005 441452 +96339 +27.9% 86142 +21259 +32.8%
2006 544153 +102701 +23.3% 107753 +21611 +25.1%
2007 720731 +176578 +32.5% 142719 +34966 +32.5%
2008 948056 +227325 +31.5% 179992 +37273 +26.1%
2009 913345 -34711 -3.7% 117228 -62765 -34.9%
2010 1082569 +169224 +18.5% 136419 +19192 +16.4%
2011 1316600 +234031 +21.6% 163160 +26740 +19.6%
2012 1408889 +92289 +7.0% 175781 +12622 +7.7%
2013 1454931 +46042 +3.3% 183310 +7529 +4.3%
2014 1566728 +111797 +7.7% 131805 -51505 -28.1%
2015 1979458 +412730 +26.3%

Украина Қаржы министрлігінің мәліметі

11

2 кесте  — 2002-2015 жылдардағы Украинаның халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ динамикасы

Халықтың жан басына шаққандағы атаулы ІЖӨ (грн.) Халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ ( USD) халық
(мың.) *
2002 4681,9 879,0 48230.3
2003 5591,5 +909.5 +19.4% 1048,5 +169.6 +19.3% 47813.0
2004 7272,9 +1681.5 +30.1% 1367,4 +318.8 +30.4% 47451.6
2005 9371,6 +2098.7 +28.9% 1828,7 +461.4 +33.7% 47105.2
2006 11630,2 +2258.6 +24.1% 2303,0 +474.3 +25.9% 46787.8
2007 15496,5 +3866.2 +33.2% 3068,6 +765.6 +33.2% 46509.4
2008 20494,9 +4998.4 +32.3% 3891,0 +822.4 +26.8% 46258.2
2009 19832,3 -662.5 -3.2% 2545,5 -1345.6 -34.6% 46053.3
2010 23600,4 +3768.1 +19.0% 2974,0 +428.5 +16.8% 45870.7
2011 28813,9 +5213.4 +22.1% 3570,8 +596.8 +20.1% 45693.3
2012 30912,5 +2098.6 +7.3% 3856,8 +286.1 +8.0% 45576.7
2013 31988,7 +1076.2 +3.5% 4030,3 +173.5 +4.5% 45482.7
2014 35834,0 +3845.3 +12.0% 3014,6 -1015.7 -25.2% 43721.8
2015 46210,2 +10376.1 +29.0% 42836.0

* жылына орташа

Украина Қаржы министрлігінің мәліметі

Экономиканың қазіргі жағдайы дефолтқа ұшырау мүмкіндігін көрсетеді. 2015 жылға қарай Украинаның сыртқы жалпы қарызы күрт өсіп, елдің ІЖӨ-нің  95%-на жетті, яғни бұл өзінің сыртқы міндеттемелері бойынша елдің  дефолтқа ұшырау тәуекелдерін туғызады.

3 кесте  — Украинаның сыртқы қарызының динамикасы  

2007-2015 жылдардағы Украинаның сыртқы қарызы мен ІЖӨ динамикасы  ( млн. АҚШ долл.)
Жалпы сыртқы қарыз (ЖСҚ) Ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) (ЖСҚ / ІЖӨ)арақатынасы
на 01.01.2007 54512 за 2006 107753 50.6%
на 01.01.2008 79955 +25443 +46.7% за 2007 142719 +34966 +32.5% 56.0%
на 01.01.2009 101659 +21704 +27.1% за 2008 179992 +37273 +26.1% 56.5%
на 01.01.2010 103396 +1737 +1.7% за 2009 117228 -62765 -34.9% 88.2%
на 01.01.2011 117343 +13947 +13.5% за 2010 136419 +19192 +16.4% 86.0%
на 01.01.2012 126236 +8893 +7.6% за 2011 163160 +26740 +19.6% 77.4%
на 01.01.2013 135065 +8829 +7.0% за 2012 175781 +12622 +7.7% 76.8%
на 01.01.2014 142079 +7014 +5.2% за 2013 183310 +7529 +4.3% 77.5%
на 01.01.2015 126308 -15771 -11.1% за 2014 131805 -51505 -28.1% 95.8%

Украина Қаржы министрлігінің мәліметі

2015 жылғы ақпанда қоршаған ортаны қорғауға, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығына шығындар төмендетілген болатын. ТКШ шығындары бұның алдындағы жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 69%-ға, яғни 640 млн.грн. азайды. Бұл мемлекеттік бюджеттен жергілікті бюджетке тарифтік айырмашылық бойынша 1650 млн.грн. сомасындағы қарызды жабудағы жәрдемқаржыға байланысты орын алған жағдай.

Денсаулық сақтауға, рухани және физикалық дамуға, білімге, әлеуметтік қорғауға және әлеуметтік қамсздандыруға жұмсалатын шығындар  қысқартылды. Жалпы бұл әсер Греция мен басқа елдердегі жағдайлардың мысалы ретінде белгілі – ағымдағы режимде шығындарды қысқарту сұранысты тежейді.

Терең құлдырау мен бюджеттік дағдарыс жағдайында мемлекеттік міндеттемелер бойынша дефолт күн тәртібінде тұр, әсіресе егер үкімет борышты қайта құрылмдай алмаса.

Бірақ ХВҚ бағдарламасы аясында украиндық мемлекет пен экономиканың қажетті реформалар жүргізу қиындығы анықталды.

Дағдарыс негізінде соңғы ширек ғасырда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының төменгі («жыртық»)  қарқынын туғызған институционалды себептер жатыр.   Трансформация және институционалды проблемалардың бастапқы кезеңіндегі дағдарыстың салдары Украинаның макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша көшілерінен айтарлықтай артта қалуы болды. Украинада халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ көрші елдерге қарағанда едәуір төмен. 2013 жылы Украинада САҚТ бойынша халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ көрсеткіші 1992-2007 жылдардағы деңгейде (2011 жылы 8,5 мың доллар) болды., және сонымен қатар тағы да 1990 жылғы деңгейден (10,5 мың доллар)  20%-ға төмен болды.

Украина халқының әл-ауқаты төмендеуде және инфляцияның жоғары көрсеткішіне байланысты: егер 2013 жылғы инфляция көрсеткіші 100,5 пайызды құраса, 2015 жылғы  инфляция 143,3 пайызды құрады.

4 кесте  — Украинадағы инфляция индексінің динамикасы

2000-2016 жылдар аралығындағы инфляция индексінің жиынтық кестесі
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүйек қазан қараша желтоқсан За год
2000 104,6 103,3 102,0 101,7 102,1 103,7 99,9 100,0 102,6 101,4 100,4 101,6 125,8
2001 101,5 100,6 100,6 101,5 100,4 100,6 98,3 99,8 100,4 100,2 100,5 101,6 106,1
2002 101,0 98,6 99,3 101,4 99,7 98,2 98,5 99,8 100,2 100,7 100,7 101,4 99,4
2003 101,5 101,1 101,1 100,7 100,0 100,1 99,9 98,3 100,6 101,3 101,9 101,5 108,2
2004 101,4 100,4 100,4 100,7 100,7 100,7 100,0 99,9 101,3 102,2 101,6 102,4 112,3
2005 101,7 101,0 101,6 100,7 100,6 100,6 100,3 100,0 100,4 100,9 101,2 100,9 110,3
2006 101,2 101,8 99,7 99,6 100,5 100,1 100,9 100,0 102,0 102,6 101,8 100,9 111,6
2007 100,5 100,6 100,2 100,0 100,6 102,2 101,4 100,6 102,2 102,9 102,2 102,1 116,6
2008 102,9 102,7 103,8 103,1 101,3 100,8 99,5 99,9 101,1 101,7 101,5 102,1 122,3
2009 102,9 101,5 101,4 100,9 100,5 101,1 99,9 99,8 100,8 100,9 101,1 100,9 112,3
2010 101,8 101,9 100,9 99,7 99,4 99,6 99,8 101,2 102,9 100,5 100,3 100,8 109,1
2011 101,0 100,9 101,4 101,3 100,8 100,4 98,7 99,6 100,1 100,0 100,1 100,2 104,6
2012 100,2 100,2 100,3 100,0 99,7 99,7 99,8 99,7 100,1 100,0 99,9 100,2 99,8
2013 100,2 99,9 100,0 100,0 100,1 100,0 99,9 99,3 100,0 100,4 100,2 100,5 100,5
2014 100,2 100,6 102,2 103,3 103,8 101,0 100,4 100,8 102,9 102,4 101,9 103,0 124,9
2015 103,1 105,3 110,8 114,0 102,2 100,4 99,0 99,2 102,3 98,7 102,0 100,7 143,3
2016 100,9 99,6 101,0 101,5

Украина Қаржы министрлігінің мәліметі

Украина экономикасының нақты өсімінің төмендеуіне байланысты, 2015 жылы 9,5%-ға жеткен жұмыссыздық деңгейі артты.

Image: UKRAINE-RUSSIA-EU-UNREST-POLITICS-DEMO

5 кесте  — 2000-2015 жылдарда Украинадағы  жұмыссыздық деңгейі

2000-2015 жылдарда Украинадағы  жұмыссыздық деңгейі.
(халық саны мың.)
  Барлық халық Экономикалық белсенді халық Жұмысы бар халық Жұмыссыз халық* Жұмыссыздық деңгейі Тіркелген жұмыссыздар
2000 48923,2 21150,7 18520,7 2630,0 12,4% 1178,7
2001 48457,1 20893,6 18453,3 2440,3 11,7% 1063,2
2002 48003,5 20669,5 18540,9 2128,6 10,3% 1028,1
2003 47622,4 20618,1 18624,1 1994,0 9,7% 1024,2
2004 47280,8 20582,5 18694,3 1888,2 9,2% 975,5
2005 46929,5 20481,7 18886,5 1595,2 7,8% 891,9
2006 46646,0 20545,9 19032,2 1513,7 7,4% 784,5
2007 46372,7 20606,2 19189,5 1416,7 6,9% 673,1
2008 46143,7 20675,7 19251,7 1424,0 6,9% 596,0
2009 45962,9 20321,6 18365,0 1956,6 9,6% 693,1
2010 45778,5 20220,7 18436,5 1784,2 8,8% 452,1
2011 45633,6 20247,9 18516,2 1731,7 8,6% 505,3
2012 45553,0 20393,5 18736,9 1656,6 8,1% 467,7
2013 45426,2 20478,2 18901,8 1576,4 7,7% 487,6
2014 42928,9 19035,2 17188,1 1847,1 9,7% 458,6
2015 42760,5 17396,0 15742,0 1654,0 9,5% 461,1

* по методологии МОТ

Украина Қаржы министрлігінің мәліметі

Украинаның экономикасындағы және әлеуметтік саласындағы драмалық оқиғалар елден халықтың көптеп басқа елге қоныс аударуын туғызды. Егер 1990 жылы Украина халқы 51,8 млн. адамды құраған болса, 2016 жылдың басында   ел халқы 17 пайызға қысқарды және 42,8 млн. адамды құрады.

1990-2016 жылдардағы Украина халқының саны
Күні Саны  (мың.)
на 01.01.1990 51838,5
на 01.01.1991 51944,4 +105.9 +0.204%
на 01.01.1992 52056,6 +112.2 +0.216%
на 01.01.1993 52244,1 +187.5 +0.360%
на 01.01.1994 52114,4 -129.7 -0.248%
на 01.01.1995 51728,4 -386.0 -0.741%
на 01.01.1996 51297,1 -431.3 -0.834%
на 01.01.1997 50818,4 -478.7 -0.933%
на 01.01.1998 50370,8 -447.6 -0.881%
на 01.01.1999 49918,1 -452.7 -0.899%
на 01.01.2000 49429,8 -488.3 -0.978%
на 01.01.2001 48923,2 -506.6 -1.025%
на 01.01.2002 48457,1 -466.1 -0.953%
на 01.01.2003 48003,5 -453.6 -0.936%
на 01.01.2004 47622,4 -381.1 -0.794%
на 01.01.2005 47280,8 -341.6 -0.717%
на 01.01.2006 46929,5 -351.3 -0.743%
на 01.01.2007 46646,0 -283.5 -0.604%
на 01.01.2008 46372,7 -273.3 -0.586%
на 01.01.2009 46143,7 -229.0 -0.494%
на 01.01.2010 45962,9 -180.8 -0.392%
на 01.01.2011 45778,5 -184.4 -0.401%
на 01.01.2012 45633,6 -144.9 -0.317%
на 01.01.2013 45553,0 -80.6 -0.177%
на 01.01.2014 45426,2 -126.8 -0.278%
на 01.01.2015 42928,9 -2497.3 -5.497%
на 01.01.2016 42760,5 -168.4 -0.392%

* 2002 жылғы саны Бүкілукраиналық халық санағы (желтоқсан 2001) мәліметтерінің негізінде келтірілді.

Осы жағдайлардан кейін  Украинадағы отбасылардың едәуір бөлігінің жағдайына орасан тұрақтандырушы ықпал ететін украиндық гастарбайтерлердің  ағыны да өзгерді.

2005-2008 жылдардағы Украинаның жалғыз экономикалық көтерілуі бірнеше жағымды факторлармен – темір бағасының өсуі, В.Ющенконың кезіндегі алыс-берістің өсуіне сәйкес келуімен негізделді.

Бірақ Ресейдегі украиналық жұмысшылардың еңбекақысының артуы және үлкен жұмыс күшін талап еткен Ресейдегі экономикалық көтерілу мен мұнай бағасының өсуімен сәйкес келген Украинаға жекелеген ақшалай аударымдардың өсуі  орасан зор рөл атқарды.

Соңғы 5 жыл ішінде Украинаға аударымдар шамамен ІЖӨ 5%деңгейінде тұрақтады.

2013 жылы Украинаға Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша  тек статистикалық көзге көрінерлік  жекелеген ақшалай аударымдар 9,7 млрд долл. құрады, бірақ 2014 жылы ол 7,6 млрд долл. дейін төмендеді. Бұл бірнеше себептерге байланысты болуы мүмкін:

  • Ресейдегі құлдырау және көзге көрінерлік аударымдардың қысқаруы, дегенмен олардың едәуір бөлігі, бәлкім есепке алынбайды;
  • украиндық азаматтардың өз елдерінен көшуі және ағындардың географиялық қайта бағдарлануы;
  • тұрғын үй құрылысының қысқаруы және отбасы қаражатын инвестициялаудың төмендеуі – олардың қаржылық тәртібіндегі өзгерістер.

Шиеленіс, ел ішіндегі сұраныстың құлдырауы және экспорттаудың тоқырауы жағдайында бизнесті инвестициялау қисыны қызметкерлер мен өнімді шығаруды қысқаруында ғана емес, сондай-ақ өтімді активтерді шығаруға олардың сақталуы үшін дамыудың ұзақ мерзімді жоспарлаудан өтуді білдіретін өзгерістерге ұшырады. Осылайша экономиканың болашақтағы   өсуінің негізі бұзылады.

Аталған жағдайда, 2009 жылы бастау алған 1990 жылдардан кейінгі екінші «инвестициялық шұңқыр» байқалады. Металл бағасының төмендеуі және басқа да факторлар асқынған шиеленіспен 2013 жылдан бастап жинақталудың қысқартылуын ескерткен болатын.

Экономикалық белсенділіктің қысқартылуы аясында батыс мемлекеттерінің үкіметтерінің және халықаралық ұйымдардың жоғары жемқорлық пен әлсіз құқықтық институттары бар елдерге көмек көрсетудің тиімсіздігінен шаршағандықтары көрінеді. Шетелдік азаматтарды министрлер ретінде пайдалану әрекеті Украинаның саяси элитасына Батыстың сенімсіздік белгісі көрінеді – шын мәнінде бұл «гибридтік басқаруды» орнату. «Батыс» кең мағынадағы сөз тұтастай елді ұстауға дайын емес – реформалар оған өзбетінше экономикалық дағдарыстан шығуға мүмкіндік береді деп болжанады.

Ұлт порталы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз