Алматыда жоғалып кеткен медуниверситет студентінің мәйіті табылды

0
500

Алматыда жоғалып кеткен Санжар Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенті Санжарбек Арзиевтің мәйіті табылды деп хабарлайды NUR.KZ Алматының ІІД-не сілтеме жасап.

САНЖАРБЕК АРЗИЕВ. ФОТО: TODAY.KZ

Қалалық полиция іздестіру жұмыстарын жеңілдету мақсатымен қалалық табиғатты пайдалану басқармасынан Есентай өзенінің ағынын бәсеңдетіп, суын азайтуды сұраған. Соның нәтижесінде жігіттің мәйіті табылды.

23 жастағы жас жігіттің мүрдесі Есентай өзенінің Рысқұлов көшесі маңындағы тұста кептеліп қалған.

«Студенттің неден қаза болғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деді қалалық ІІД-нен.

Еске сала кетсек, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенті 30 сәуірге қараған түні жоғалып кеткен. Кейін анықталғандай университеттің бесінші курсында оқитын Санжарбек сәуірдің 29-нан 30-на қараған түні достарымен туған күнін тойлапты. Түнгі сағат 2 жарым шамасында Құрманғазы көшесі мен Есентай өзенінің қиылысқан тұсында көлікті тоқтатып, сыртқа шығып, сол күйі ұшты-күйлі жоғалған. Тек оның темір қоршаудан өзен аңғарына қарай құлап түскені жақын маңдағы бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Бірақ өзен арнасын сүзіп шыққан сүңгуірлер онда адам денесін таба алмаған еді.

Марқұмның жақындары Бішкектен Алматыға жетті.

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз