Үйсіз-күйсіз жүрген америкалық азамат газет сатудан түскен ақшаға баспана сатып алды (фото)

0
428

Үй-күйсіз жүрген америкалық азамат газет сатудан тапқан табысына баспана сатып алды. Бұл туралы Лента.ру-ға сілтеме жасап Қазақпарат хабарлады.

МАРИО МАРТИНЕС. ФОТО: RUNYWEB.COM

Марио Мартинес әрбір он цент ақшасын үнемдеп, көшеде газет сатудан бес жылдан кейін Теннесси штатындағы Шарлотт қаласынан 1,2 гектар учаскесі бар 762 шаршыметрлік үй сатып алды. Ол кең таралған басылымды үй-күйсіз сатушыларға арналған жеңілдіктермен сатып жүрген болатын.

МАРИО МАРТИНЕСТІҢ САТЫП АЛҒАН ҮЙІ

Мартинес бұдан алты жыл бұрын жұмысынан айырылып, салқын және суы жоқ трейлерде өзінің төрт итімен бірге өмір сүрді. Ол газет сатудан түскен ақшасын әуелі шағын іске – бақша учаскелерін күтуге салды. Одан кейін оған тұрғын үй сатып алуға ақша жинаудың сәті түсті.

Дереккөз: ИА «Казинформ»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз