Назарбаев: Екі министрлік өз міндеттерін орындай алмады

1
383

Нұрсұлтан Назарбаев жер заңнамасының нормаларын түсіндіруге министрлердің жеке жауапкершілігін енгізді.

Назарбаев: Екі министрлік өз міндеттерін орындай алмадыЕРБОЛАТ ДОСАЕВ

Бұл туралы Bnews.kz хабарлайды.

«Екі мемлекеттік орган – Ауыл шаруашылығы және Ұлттық экономика министрлігі жер кодексі бойынша жұмыс жүргізді. Олар бұл міндетті орындай алмады. Мен министрліктер жаман жұмыс істеді деп айтқым келмейді. Бірақ барлығына түсінікті болатындай, қабылдайтындай өз ұстанымын түсіндіре алмады. Сондықтан мен бүгін бірқатар шешімдер қабылдаймын», – деді президент.

Назарбаев: Екі министрлік өз міндеттерін орындай алмадыАСЫЛЖАН МАМЫТБЕКОВ. ФОТО: KAPITAL.KZ

Еске сала кетейік, бүгінгі жиында президент Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевты қызметінен босатып, Асылжан Мамытбековке сөгіс жариялады.

1 Пікір

  1. Дұрыс болған. Жұмыстың мүддесінен шыға алмаған адамдар орнын босату керек.http://www.gu-gu.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_good.gif

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз