«Нұр Отан» партиясының Саяси кеңес бюросы отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев партия төрағасының жаңа бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедті таныстырды.
Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі ресми парақшасында хабарланды.
Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед 1960 жылы туған. Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген, заң ғылымдарының докторы, профессор.
1982 – 1992 жылдары Қазақ Кеңес энциклопедиясының ғылыми редакторы, аға ғылыми редакторы, философия, құқық және социология редакциясының меңгерушісі, жауапты хатшы болып еңбек етті.
1992 – 1999 жылдары – «Атамұра» баспа корпорациясының президенті.
1999 – 2001 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Заң шығару және құқықтық реформа жөніндегі комитетінің хатшысы, Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің төрағасы.
2001 – 2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі.
2003 – 2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы.
2007 – 2008 жылдары – Қызылорда облысының әкімі.
2008 – 2010 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.
2010 – 2011 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі.
2012 – 2013 жылдары – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.
2013 – 2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.
2014 – 2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
2015 жылдың наурызынан мамырына дейін – Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдау үшін құрылған республикалық қоғамдық штабтың басшысы.
2015 жылғы 5 мамырдан бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып қызмет етті.