Лондон мэрі болған мұсылман Құранға қолын қойып, ант берді

0
538

Өткен сенбіде Ұлыбритания астанасының мэрі болған  45 жастағы мұсылман Садық Хан қызметіне кірісер алдында қасиетті Құранға қолын қойып, ант берді.

САДЫҚ ХАН. ФОТО: ISLAMDAG.RU

Бұл туралы Bnews.kz хабарлайды.

«Мен мұсылман ретінде ішімдік ішпеймін, Рамазан айында ораза ұстаймын, халал тағам жеймін», – дейді Садық Хан.

Еске сала кетсек, Ұлыбритания тарихында тұңғыш рет ел астанасының мэрі болып мұсылман азамат сайланды. Ол оппозициялық лейборитсік партия атынан сайлауға түскен. Оның саяси додадағы қарсыласы да оңай шағылатын жаңғақ емес: миллиардердің ұлы Зак Голдсмит билік басындағы консерваторлар партиясының атынан сайланған депутат болатын.

Алайда, мұсылманның бағы жанып, 56,8 пайыз дауысқа ие болып, қала мэрі болды. Садық Хан пәкістандық эммигранттар отбасынан шыққан. Дені христиан тұрғындарының таңдауы неге ділі де, діні де жат Садық Ханға түсті деген сауал туындауы мүмкін:

Біріншіден, билік басында әлемге әйгілі Кембридж, Оксфорд секілді қабырғалы жоғарғы оқу орындарын бітірген байлардың қарасы онсыз да көп;

Екіншіден, оның жүріп өткен жолы барынша тартымды: заңгер, адам құқығын қорғаушы;

Халыққа берген уәдесі де электораттың көңілінен шықты: қылмысты барынша азайту, арзан баспана, қоғамдық көліктегі бағаны ауыздықтау, т.б.

Садық Ханның берген антының өзі халықтың көңілінен шықты. Қаланың су жаңа мэрі Ұлыбританияның Еуропалық одақ құрамында қалғанын қалайды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз