Тасмағамбетов биліктегі элитаның рейтингін бастады

2
321

«Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы билікте жүрген элитаның рейтингісін жария етті. Бір атап өтері рейтинг сауалнаманың нәтижесінде шығарылған. Оған 24 сарапшы қатысыпты деп хабарлайды oinet.kz.

Тасмағамбетов биліктегі элитаның рейтингін бастадыИМАНҒАЛИ ТАСМАҒАМБЕТОВ

Дәлірегі сарапшылар дегеніміз саясаткерлер, журналистер мен бизнесмендер және қоғамдық ұйымның өкілдері екен.

Сонымен 2016 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов көшбасшы болып табылды. Қазақстанда оған тең келетін саясаткер жоқ болып шықты. Одан кейінгі орын Президент әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулинге бұйырды. Үшінші орында президенттің штаттан тыс кеңесшісі, атышулы миллиардер Болат Өтемұратов, төртінші орында сенатор, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Нұртай Әбіқаев, ал бесінші орында cенат төрағасы Қасым-Жомар Тоқаев тұр.

Әділбек Жақсыбеков пен Ахметжан Есімов алтыншы, жетінші орындарды, ал Кәрім Мәсімов сегізінші орынды иеленді. Қанат Бозымбаев оныншы, Дариға Назарбаева он бірінші, Өмірзақ Шөкеев жиырмасыншы, ал Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов 35-інші орынға жайғасыпты.

Иманғали Тасмағамбетов Астананың әкімі болған кезде облыс әкімдерінің рейтингісінде ылғи бірінші тұратын. Ол үкіметке ауысқаннан кейін де көшбасшылық қасиетін сақтап қалды. Ал кезінде облыс әкімдерінің рейтингісінде екінші, үшінші, тіпті бір жолы жылдың қорытындысы бойынша «үздік әкім» атанған Оңтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Асқар Мырзахметовтың рейтингісі төмендеп кеткен.

Ал рейтингте ең соңғы 42-ші орында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы тұр.

Дереккөз: Nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз