АҚШ-та Әбілязов пен Храпуновтың қылмыстық тобы ұрлаған миллион доллар бұғатталды

1
456

АҚШ-та қазақстандық БТА Банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязов пен Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың қылмыстық тобы ұрлаған миллион доллар оқшауландырылды.

АҚШ-та Әбілязов пен Храпуновтың қылмыстық тобы ұрлаған миллион доллар бұғатталды

Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«БТА Банк, Алматы қаласының әкімдігі және Әділет министрлігінің бірлескен жұмыс нәтижесінде АҚШ-та Мұхтар Әбілязов пен Виктор Храпуновтың қылмыстық тобы ұрлаған ондаған миллион доллар оқшауландырылды», – делінген хабарламада.

2014 жылдың мамыр айында Алматы қаласының құзіретті өкілдері АҚШ-тағы Калифорния штатының сотына Виктор Храпуновқа және онымен аффилиирленген тұлғаларға қарсы талап-арыздарын берді. Іс жүргізу Әділет министрлігінің қолдауымен өткізілді. АҚШ-тағы сот талқылау барысындағы міндетті ақпаратты ашып көрсету нәтижесінде Қазақстаннан ұрлаған және алып шығарған активтер айқындалды.

«Қылмыстық қудалаудан және олар ұрлаған ақшаның тәркіленуінен қауіптеніп, Мұхтар Әбілязов пен Виктор Храпунов АҚШ юрисдикциясынан активтерін жедел әкету мақсатымен мүліктерін сата бастаған. Атап айтқанда, Нью-Йорктегі отельді апартаменттерге реконструкциялау бойынша жобадағы үлес едәуір төмендетілген. Салынған 40 млн АҚШ доллардың орнына Әбілязов пен Храпунов өз үлесін 21 млн АҚШ долларына сатуға әрекет жасады. Алайда девелопер мен олардың арасында сот дауы басталды», – деп ақпараттандырды ведомстводан.

БТА Банк, Алматы әкімдігі және Әділет министрлігі іске араласуының нәтижесінде 21 млн АҚШ доллары оқшауландырды. Қазіргі кезде АҚШ-тың Нью-Йорк штатының сотында және федералды сотында оқшауландырылған қаражаттарды қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде.

Дереккөз: Nur.kz

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз