НӘРЕСТЕСІН САТПАҚ БОЛҒАН ӘЙЕЛ ҚОЛҒА ТҮСТІ.

0
518

Алматыда нәрестесін сатпақ болған әйел қолға түсті, – деп хабарлайды Qamshy.kzАлматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысы Меркі ауданының 25 жастағы тұрғыны тұрмыстық қиындықтардан шығу үшін бар-жоғы 1 жас 3 айлық нәрестесін сатпақ болған. «Тірі тауарды» өткізу үшін көмекке 51 жастағы танысын тартқан. Қолайлы сатып алушыны олар екі апта бойы іздеген көрінеді.

«Бірнеше күн өткен соң сәбиді алатын адам да пайда болған. Бала саудалаушылар нәрестені 2 мың АҚШ долларына бағалапты. Бала саудалаған екі әйел де сатып алушыдагн ақша алып жатқан жерлерінде тұтқындалды», – делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Алматы қаласы ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері олардан 670 мың теңге ақша тәркіледі. Кейін бұл қаражаттың тек 200 мың теңгесі ғана нәрестенің анасына қалдырылып, қалғанын делдалдық қызмет көрсеткен келіншектің алмақ болғаны анықталып отыр.

Алматылық полицейлер ұсталған келіншектің осыдан бір күн бұрын ғана сәбиін белгісіз біреуге елу мың теңгеге сатып, кейін жаңа ұсыныс түскенде қайтарып алғанын да хабарлап отыр. Қазір осы іс бойынша екі келіншек те тергеу изоляторына жабылып, сотұқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған.

«Қамшы» сілтейді

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз