ХИРУРГТЕРІ 13 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗДЫҢ ЖҮРЕГІНЕН ИНЕ АЛЫП ШЫҚТЫ.

0
422

Кабардино-Балкария (КБР) ауруханасында хирургтер он үш жастаы қыздың жүрегінен инені алып шықты, – деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Науқастың жағдайы тұрақты, дәрігерлер жақсы болжамдар жасап отыр, деп хабарлады ТАСС республиканың денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«КБР денсаулық сақтау министрлігінің республикалық клиникалық ауруханасында хирургтер жүрек қабы қуысынан – жүрек «сөмкесінен» инені суырып алды. Пациент 13 жаста, ол кеуде тұсының ауыратындығына шағымданған», – деді баспасөз қызметінде.

Науқас және оның ата-анасының сөзіне қарағанда, төсекте жатқан ине қызға кіріп кеткен. Кеуде қуысына жүргізілген компьютерлік зерттеу нәтижесінде ине жүрек қабы қуысында болғаны анықталды.

«Ата-анасына отаның күрделі және қауіптің жоғары екені түсіндірілді. Олар ота жасауға келісімін берді», – деп атап өтті баспасөз қызметінде. Нәтижесінде ота сәтті өтті.

«Жағдайы тұрақты, қыз жансақтау бөлімінде жатыр. Оны реаниматолог-дәрігерлер бақылауда», – деді денсаулық сақтау министрлігінде.

«Қамшы» сілтейді

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз