Алматы тұрғындары тағы да қайнаған суға күйіп қала жаздады (фото)

0
393

Алматыда әбден тозығы жеткен жылу құбыры жарылып, айналаны ыстық су шайды. Тіршілік нәрінің қатты қысыммен шыққаны соншалық, 10 метр биіктікке дейін атқылаған.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Төтенше жағдай Қазыбек би мен Қалдаяқов көшелерінің қиылысында болды. Төселгеніне 23 жыл болған ескі құбыр гидравликалық сынақтан өткізу кезінде жарылыпты.

Құдай сақтап, ыстық суға күйген адам жоқ. Алайда, құбырға жақын жерге қойылған екі көлік зақымданған.

Сондай-ақ, дәл осындай апат Қарағандыда да болды. Мұнда суық су құбыры жарылып, бұрқақша атқылаған. Қазір екі апат орнында да қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

 

Дереккөз: КТК арнасы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз