ЖАҢБЫР СУЫ АЛМАТЫДАҒЫ МЕТРО СТАНСАСЫН БАСЫП ҚАЛДЫ (ВИДЕО)

0
397

Алматыда қатты жауған жауыннан метроның Жібек жолы стансасын су басып қалды, – деп хабарлайды Qamshy.kz.

Су кірген метро стансасы бірнеше сағатқа жабылған. Метро басшылығы қазір станса жұмысы қалпына келтірілгенін хабарлады.

Тұрғындар қалада жаңбыр суының жолдарды жапқан видеоларын да ғаламторға жүктеуде. Желі қолданушылары бұл жауынға «тропикалық» деген ат қоюда.

Алматы қалалық ТЖД 17-18 мамыр күндері жауын-шашыннан өңірдегі өзендердің суы көтеріліп, тауларда лай көшкіні жүретінін ескертуде.

«Қамшы» сілтейді

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз