Ақмола облысының Щучье қаласында ескі бағананы отынға жаратпақ болған 38 жастағы ер адам одан құлап мерт болды.
КӨРНЕКІ ФОТО: OTYRAR.KZ
Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қазақпаратхабарлады.
ТЖД мәліметі бойынша 16 мамыр күні сағат 16:55 шамасында Бурабай аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне абайсызда ер адамның көз жұмғаны туралы аудандық ауруханадан хабар түскен.
«Онда бағанадан құлап, мерт болған 1978 жылғы ер адамның жедел жәрдем қызметінің көмегімен ауруханаға жеткізілгені айтылған. Кейін анықталғандай, мерт болған адам Щучье қаласындағы телекоммуникация байланысының ескі, тастанды ағаш бағаналарын отынға кесіп, алып отырған. Бұл жолы бұрынғы «Ботагөз» спорт базасы маңындағы бағаналардың басына шыққан ол түбі шіріген бағанамен бірге құлап, алған дене жарақатынан оқиға орнына көз жұмды», – деді ТЖД баспасөз қызметінен.