19 жастағы қазақстандық боксшы Магаданда ауыр жарақаттан қаза тапты

0
356

Қазақстандық боксшы Владислав Щукин Магадандағы турнирде бас-сүйек жарақатынан көз жұмды. Бұл туралы NUR.KZ порталы ИА MagadanMediaсайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ФОТО: MAGADANMEDIA.RU

19 жастағы боксшы Владислав Щукин Валерий Попенченконың жүлдесіне орай өткен мемориал-турнирі кезінде ауыр жарақат алып, аяқ асты есінен танып құлаған. Ол он күн бойы комада жатып, кейін көз жұмды. Айта кетерлігі, жарыс алдында ол толыққанды медициналық тексерістен өтіп, турнирге қатысуға рұқсат алған болатын.

Ал мамандардың айтуынша, боксшыда бас-ми ісігі жарыстың бірінші күнінде немесе Магадандағы турнирге келмей жатып туындаған болуы мүмкін. 16 мамыр күні боксшы есін жимастан қаза болды. Ол бас-сүйек жарақатынан көз жұмды деп топшылануда.

«Оның мәйітін тексеріп, өлімінің нақты себебін анықтайды. Владислав Щукиннің әкесі Қазақстанда тұратындықтан, оның мәйіті еліне әкетілетін болады. Барлық шығынды Магадандық бокс федерациясы көтереді», – дейді Магадан бокс мектебінің директоры Петр Бурмистров.

 

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз