Мәжіліс депутаттары министрден жүргізушілерге салынатын айыппұлды азайтуды өтінді

0
440

Мәжіліс депутаттары Мұхтар Тінекеев пен Нұртай Сәбильянов еліміздің Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа айыппұлдарды азайтуға ұсыныс айтты.

Бұл туралы 24 арна хабарлайды.

Мәжілісмендердің айтуынша, елімізде бір айлық есептік көрсеткіш көлемі көбейді. Соған сәйкес айыппұлдар да былтырғыдан біршама ұлғайып отыр.

Дегенмен министр жергілікті полиция қызметкерлерінің әлеуметтік проблемаларын жеткізуге тырысты. Айтуынша, елімізде қоғамдық тәртіпке жауапты 25 мыңнан астам жергілікті полиция қызметкері бар. Тәртіп сақшыларын көбіне баспана мәселесі алаңдатады екен.

«Учаскелік полицейлердің жалақысы мардымсыз» деген министр Қасымов сала мамандарына қызметтік ғимараттар пен көліктер жетіспейтінін де алға тартты.

«Жол ережесін бұзбауға тырысу керек. Бұл жалпыға ортақ қағида. Айта кетейін, айыппұлды көбейтудің арқасында жол ережесін бұзғандар саны азайды. Бұл әлем елдерінде қолданылатын тәжірибе. Тәртіпке барлығы бірдей бағынуы тиіс», – деді Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

Дереккөз: 24.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз