Олжас Сүлейменовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

0
442

 

Бүгін 80 жасқа келіп отырған ақын, жазушы Олжас Сүлейменовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Бұл жарлыққа Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 18 мамырда қол қойды. «Отандық әдебиетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, сондай-ақ бейбітшілік пен азаматтық келісімді нығайтуға бағытталған белсенді қоғамдық қызметі үшін ақын, қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін», – делінген Жарлықта. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Толығырақ:https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/oljas-suleymenovke-kazakstannyin-enbek-er-atagyi-berld-269767/
Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз