Полицейлер Алматы мен Астанадағы NUR.KZ тілшілерін ұстап әкетті

0
498

Алматы мен Астанада NUR.KZ тілшілері ұсталды. Астанада: Махмұд Байходжаев, Алматыда: Артем Миусов.

АБАЙ-ЖЕЛТОҚСАН КӨШЕЛЕРІНІҢ ҚИЫЛСЫ. ФОТО NUR.KZ

Алматылық тілші Артем Миусов Абай мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында фотоға түсіріп, өз жұмысын атқарып жатқан. Алайда полицейлер оған түсірмеу туралы бұйрық берген.

 

Біздің тілші олардың шектеу қоюға құқы жоғын айтып, қарсылық білдірген. Осыдан кейін тілшіні Жетісу аудандық ІІБ-не әкеткен.

Ал астаналық Махмұд Байходжаев өзге де әріптестерімен белгісіз себептермен ұсталған.

 

Еске сала кетсек, 20 мамыр күні Алматының Республика алаңындағы «Алтын адам» мүсінінен бастап, Абай даңғылына дейінгі аймақты жауып тастаған еді. Нәтижесінде полицейлер кәріз құдығына жасырылған жарылғыш сұйықтық құйылған құты, ондаған арматура және білтемір, бензин құйылған канистр табылған.

Жедел уәкілдер Алмалы және Медеу аудандарындағы екі пәтерді тінту барысында бірнеше Макаров пен ТТ тапаншасын, 4 РГД-5 гранатасын, сондай-ақ, 5 млн теңге көлемінде қаржы тапқан еді. Сонымен қатар күдікті ретінде бес адам ұсталған.

Ал бүгін полийцейлер тағы да Республика алаңын қоршауға алды.

 

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз