Мұхтар Тайжан: 1083 адамды тұтқындаған полиция өз істеріне жауап беруі тиіс

0
496

Үкімет жанындағы Жер комиссиясы құқықтық жұмыс тобының жетекшісі Мұхтар Тайжан 21 мамыр күні республика бойынша мыңнан астам адам ұсталғанын мәлімдеді.

МҰХТАР ТАЙЖАН. ФОТО: RUS.AZATTYQ.ORG

Бұл туралы Qamshy.kz хабарлайды.

Құқықтық топтың алғашқы отырысынан соң журналистерге топ жетекшісі 21 мамыр күні ел бойынша 1083 азаматтың тұтқындалғанын жеткізді.

«2016 жылғы 21 мамыр күні 1083 азамат ұсталған. Олардың ешқайсысы бұзақылық жасамаған. Олардың барлығы сауатты, патриот азаматтар. Біз ХХІ ғасырда өмір сүрудеміз, мұндай әрекеттерден тартынуымыз керек. Ұсталғандар Атырау, Орал, Алматы, т.б. қалалардың тұрғындары. Бұл ақпаратты мен құзырлы дереккөздерден алып отырмын», – дейді Тайжан.

Сондай-ақ, Мұхтар Тайжан Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченкомен кездесіп, ұсталғандар бойынша Бас прокуратураның алдына нақты мәселе қоятынын айтты.

«Бас прокурордың өзімен кездескім келген. Бірақ, олар Кравченкомен ғана кездесу мүмкін екенін айтты. Олардан мен осы ұсталғандардың ісін жеке-жеке талдауды талап етемін. Ұсталғандар еш бұзақылық жасамады. Олар біздің азаматтарымыз. Ешкімге тиіспей, өзімен-өзі тұрған азаматтарды ұстап, алып кеткен. Полиция өз істеріне жауап берулері керек», – дейді ол.

Бұдан бұрын Мұхтар Тайжан Астанадан Алматыға арнайы келіп, 21 мамыр күні түнде әкімшілік сотқа тартылғандармен жүздескенін, 22 мамыр күні Алматыда заңсыз ұсталған азаматтардың арыз-шағымдарын жинағанын жазған болатын.

 

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз