Талдықорғанда қатты жел стадиондағы таблоны ұшырып жіберді (фото)

0
520

Талдықорғандағы дауылды жел қала тұрғындарына елеулі шығын келтірді. Бірнеше ғимараттардың шатыры ұшып, ағаштар құлаған.

Бұл туралы Массагет хабарлайды.

Сондай-ақ «Жетісу» футбол клубының стадионындағы таблоны да ұшырып кеткен.

Талдықорғанда қатты жел стадиондағы таблоны ұшырып жіберді (фото)

Аяқ астынан келген дауылдың кесірінен автокөліктер де зақымдалған. Жарнама бағандары мен электр бағандары да құлаған.

Қазіргі таңда облыс орталығының тұрғындары дауыл кезіндегі суреттерді әлеуметтік желілерге жариялап жатыр.

Дереккөз: massaget.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз